USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Жамбыл облысында Алматы тұрғынының көлігінен 47 келіден астам гашиш табылды

2021 жылғы 20 қаңтар 10:13
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында Алматы тұрғынының көлігінен 47 келіден астам гашиш табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер Алматы қаласының тұрғынының көлігінен 47 келіден астам гашиш тауып, тәркіледі,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда блокпостан мефедрон алып өтпек болған курьер ұсталды Семейде  жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы ұсталды Қызылордадағы блок бекетте автокөліктен аса ірі  көлемде есірткі табылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 260-шақырымында Алматы қаласының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Golf-3» маркалы автокөлігі тоқтатты.

Автокөліктің жүксалғышынан екі сөмке табылып, ондағы заттардың салмағы 47 кг 850 граммды құрайтын гашиш есірткісі екені анықталды.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деп мәлімдеді Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT