Жамбыл облысында алғаш рет педофилге химиялық кастрация жасалады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында алғаш рет түзеу мекемесінде жатқан педофилге химиялық кастрация жазасы қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда қалалық емхана мамандары жазаға кесілген қылмыскердің денсаулығын жан-жақты зерделеуде.

Олар сотталушыға қандай химиялық екпе салу керектігін анықтайды.

Жалпы, Жамбыл облысындағы түзеу мекемелерінде жатқан 13 педофилге кастрация жасау жоспарланған.

Оған бюджеттен 1 миллион 373 мың теңге қаражат бөлінген.

Сот шешімі шыққан жағдайда медициналық сараптамадан соң химиялық екпе жасалады.

«Антиандрогендік препараттар тағайындау - ол да өзінше бір үлкен жұмыс, өйткені ол әр адамның физикалық жағдайына байланысты. Оған аллергиялық реакциясы бар ма, жоқ па - соны анықтау үшін бүкіл қан талдауы жүргізіледі. Антиандрогендік препаратпен түзеу мекемелерін қалалық емхана қамтамасыз етеді»,- дейді ҚАЖ департаменті сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маман-дәрігері Ерлан Әбдібай.



Соңғы жаңалықтар