+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жамбыл облысында алғаш рет джип-сафари экспедициясы өтті

2020 жылғы 30 маусым 22:25
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында алғаш рет джип-сафари экспедициясы өтті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында алғаш рет джип-сафари экспедициясы өтті. Оған қатысушылар Әулиеата жерінің қасиетті жерлерін аралап, қызықты ақпараттарға қанықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірегей шара ойлағандай әсерлі әрі жоғары деңгейде өрбіді. Құрметті қонақтардың қатарында ақын Ринат Заитов, әнші Досымжан Таңатаров, Кенжебек Жанәбілов, Индира Расылхан, актер Қайрат Әділгерей, боксшы Жанқош Тұраров, палуан Бейбіт Ыстыбаев, ММА жауынгері Қуат Хамитов, фотограф Мақсат Елібай, кәсіпкер Досбол Мәлікомар, блогер Өркен Кенжбек, ZTB.kz жобасының негізін қалаушы Марғұлан Тұрсынов болды.

Экспедицияның ашылуында қонақтар назарына көне жәдігерлер, халық қолөнері бұйымдары ұсынылып, ұлттық салт-дәстүрлер туралы баяндалды.


Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі әзірлеген көрмеге XII-XIII ғасырлардағы 50-ден астам археологиялық жәдігер қойылған. Олар көне Тараздың өткенінен сырт шерте білді. Этноауылда қонақтар көшпелі қазақтардың тіршілігіне бойлай алды. Облыстық «ARAI» газетінің фотографы Алтынбек Қартабайдың фотокөрмесі өңір табиғатының сұлулығын паш етті. Сондай-ақ, «Рысбаева и К» компаниясы Жамбылдың көрнекі орындары бейнеленген сувенирлер топтамасын көрсетсе, «ASPARA» сән үйі ұлттық әйелдер киімінің көрсетілімін өткізді.

«Екі мың жылдық тарихы бар Тараз қазақстандық және шетелдік туристерді тартатын орталыққа айналуы тиіс. Әлемнің көптеген елдері мемлекеттік қазынасынан қомақты қаражат қарастыра отырып, туристік жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл орайда біздің өңіріміздің де әлеуеті жоғары. Джип-сафари экспедициясы ішкі туризмді дамытуда үлкен рөл атқаратынына сенімдімін. Шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын болады», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Аймақ басшысы қонақтарға «Қар-алма» тау шаңғысы кешенінің құрылысы және ішкі және балалар туризмін дамыту туралы жоспарларымен бөлісті.


Қонақтардың бірі, белгілі әнші Сәкен Майғазиев ежелгі Тараздың бай тарихы барша қазақстандықтардың мақтанышы екендігін атап өтті.

«Бүгін біз Жамбыл облысының көптеген туристерді тартудың қайнар көзі және дамыған туристік кластердің инфрақұрылымын құруға негіз бола алатындығына тағы бір мәрте көз жеткізудеміз. Бұл, халықаралық аренада аймақтың бірегей имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Ресми ашылу рәсімінен кейін қонақтар жол талғамайтын көліктермен экспедицияға аттанды. Олар маршрут бойынша қасиетті «Топағаш» тоғайы, «Арғынкөл» жағалауы және «Сұмқайты» жазығы арқылы өтті.

Джип-сафаридің қатысушылары аймақтың климаттық, географиялық және геологиялық жағдайларының ерекшелігіне көз жеткізе алды. Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының қызметкерлері аталған жерлерге қатысты аңыздар туралы әңгімелеп берді.

Келесі күні қатысушыларға аймақтың тарихи және мәдени ескерткіштеріне экскурсия ұйымдастырылды. Онда қатысушылар «Ақыртас» сарай кешені, «Тектұрмас» этномәдени кешені, «Қарахан», «Дәуітбек», «Айша Бибі» және «Бабаджа Хатун» кесенелері, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіштерді аралап, танысты.

Облыс аумағында 3441 тарихи-мәдени құндылығы бар ескерткіш тіркеуге алынған десек, бүгінгі таңда өңірдегі 37 негізгі туристік нысан бойынша 22 арнайы туристік бағыт әзірленген.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT