+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жамбыл облысында әкімдер тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде

2020 жылғы 10 тамыз 06:00
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында әкімдер тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының халықпен тиімді кері байланыс орнату туралы тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласы мен аудандардың әкімдері «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде тікелей эфирлерге шығуда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жеңіс Қасымбек облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді Текелі қаласының әкімі отставкаға кетті Волонтерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына карантин тәртібін түсіндірді

Жамбылда облыс әкімінің орынбасарлары мен Тараз қаласы және аудан әкімдері әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирлерге шығып, тұрғындардың мәселелері мен өтініштері бойынша сауалдарына жауап береді.

Тұрғындарды көптеп тарту мақсатында әлеуметтік желілерде тікелей эфир өтетін күнді, уақытты және аккаунттарды көрсете отырып, хабарландыру-анонстар алдын-ала орналастырылады. Сондай-ақ, анонстарда тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын жинауға арналған электрондық мекенжайлары көрсетілген. Былай айтқанда, енді қабылдауға жазылып, кезек күтудің немесе әртүрлі орындарға шағым жолдаудың қажеті жоқ. Тікелей эфир барысында тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдап, бірінші басшысының өзінен жауап ала алады. Әкімдердің тікелей эфирлері апта сайын өтеді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атап өткендей, індеттің тарауына байланысты халықтың қатысуымен жиындар мен кездесулер ұйымдастыруға тыйым салынған бүгінгідей жағдайда мұндай онлайн-қабылдаулар мен тікелей эфирдің маңыздылығы айтпасақ та түсінікті.

«Барлық деңгейдегі әкімдердің облыс тұрғындарымен өзара байланысының қарапайым және тиімді тетігі болуы керек. «Әкім сағаты» - бұл ақпараттың қолжетімділігі мен қалалар мен ауыл тұрғындарының мәселелерін нақты шешудің ұтымды әдісі», - деді аймақ басшысы.

Айталық, бірер күн бұрын облыс әкімінің ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін орынбасары Берік Нығмашевтың тікелей эфирі өтті. Агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйі мен оны дамытудың алдағы жоспарлары туралы қысқаша баяндаған шенеунік көптеген сұрақтарға жауап берді. Онда тұрғындар жеке тұрғын үй салу үшін жер бөлу, суармалы судың жағдайы, ауыл тұрғындарының табысын жақсарту бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылуы, шаруа қожалықтарды ірілендіру және басқа да аспектілерге алаңдаушылық білдірді.

Мұндай кездесулер азаматтардың проблемаларынан хабардар болып қана қоймай, оларды шешудің тиімді тетіктерін қарастыру, соған сәйкес, мемлекеттік органдардың тиісті жоспарларына жедел түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT