Жамбыл облысында адам өліміне күдікті екі азамат іздестірілуде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында адам өліміне қатысты екі күдікті іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы ІІД мәлім еткендей, ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасы  «Адам өлтіруге оқталу» және «Адам өлімі» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған Жамбыл облысының тумасы 32 жасар Бахтияр Таубасовты іздестіреді. Ол осы уақытқа дейін Жуалы ауданының Қызтоған ауылында тұрған.

Күдіктінің белгілері: бойы 182-185 см, толық денелі, шашы түзу, оң жақ бетінде тыртығы бар.

Сонымен қатар, адам өлтірді деген күдікпен Жуалы ауданының Көлбастау  ауылының тұрғыны 24 жасар Дидар Нұрболатбеков іздестіріледі.

Жамбыл облысы ІДД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, екеуіне қатысты  қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.  "Кімде-кім күдіктілердің орналасқан жерін білген болса, Жамбыл облысы ІІД криминалдық полиция басқармасына 99-71-21, 99-71-86, 43-05-22, 43-06-78 (ІІД кезекші бөлімі) немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуларына болады".

Соңғы жаңалықтар