Жамбыл облысында 96 жастағы әжей вакцина алды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 96 жастағы қарт коронавирусқа қарсы екпе алды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Шу ауданының Жаңа жол ауылының тұрғыны Халаяпова Ифрат – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылда аянбай еңбек етіп, жеңісті жақындатуға барынша үлес қосқандардың бірі. Ел басына күн туған шақта ерлерше еңбек майданында тер төккен қарт 8 баланы туып, оның 6-уын өсіріп-тәрбиелеп, олардан 13 немере көріп отыр.

Соғыстан кейінгі жылдары звенода Ифрат апа қызылша егу, баптау жұмыстарында да алдына жан салмаған.

Қашанда ширақ қария ешқашан ауылдық емханаға сырқаты жөнінде шағымданбапты. Созылмалы немесе басқа да аурулар бойынша диспансерлік есепте де жоқ. Бүкіл ғұмырын еңбекке арнаған жан үнемі қимыл-қозғалыста болып, салауатты өмір салтын ұстанғанының арқасында әлі де өзін тың сезінетінін айтады.

«Мен коронавирусқа қарсы вакцина салғызып, аурудан сақтануға бел будым, сондай-ақ өзгелерге де зиянымды тигізбеу үшін де вакцина салғыздым», - дейді әжей.


Соңғы жаңалықтар