Жамбыл облысында 90 отбасы елорданың мерейтойын жаңа пәтерде қарсы алады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Астананың 20 жылдығына - 20 нысан» республикалық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорданың мерейтойы қарсаңында Жамбыл ауданы Аса ауылы мен Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғындары қоныс тойын тойлады.

18 пәтері бар үш қабатты жаңа тұрғын үй Жамбыл ауданы Аса ауылында «Бәйтерек» тұрғын үй алабында пайдалануға берілді. Тұрғын үй заманауи талаптарға сай «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Құрылыс барысында негізінен отандық материалдар қолданылды. Пәтерлерді жетім, екінші топтағы мүгедек балалар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ бюджеттік сала қызметкерлері алды.

70 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй Талас ауданы Қаратау қаласының 5-ші шағын ауданында  қайта құрылды. Қайта құрылымдау құны - 226,8 млн теңге.

Еске салайық, Астананың 20 жылдығына орай Жамбыл облысында пайда болатын 20 нысанның ішінде сегіз балабақша, төрт спорттық-сауықтыру кешені, «Burnoye Solar-2» ЖШС күн электр стансасының екінші кезегі, ас тұзын өндіретін және өңдейтін зауыт, ауылдық тарихи музей, дәрігерлік амбулатория, ауыл шаруашылығы кооперативі, жаңа 70 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй бар. 

Соңғы жаңалықтар