Жамбыл облысында 7 жүкті әйел реанимацияда жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында COVID-19 стационарында 36 жүкті әйел жатыр. Оның жетеуі реанимацияға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде айтты.

«Мониторинг бойынша, облыс аумағында COVID-19 індеті басталғаннан бері 18 836 жағдай тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 1 654 адамнан келеді. Пнемониядан 7 117 жағдай тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда 625 адамнан келді. 1 қаңтардан 10 қыркүйекке дейін облыс аумағында жалпы індетпен 13 829 жағдай тіркелді. Оның ішінде 1 005 жүкті әйел, 3 601 бала стационарлық ем алды. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 12 014 болды», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, өңірдегі аурушаңдық деңгейі соңғы екі аптада 87 жағдайға азайған.

«Бүгінде стационарда ем алып жатқан жүкті әйелдердің саны – 36. Соның ішінде жетеуі реанимацияда жатыр. Босанғаннан кейін ем алып жатқан 10 әйел бар», - деді Алмас Мәдиев.


Соңғы жаңалықтар