Жамбыл облысында 6 жасар бала суға батып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында егістік алқаптарын суаратын арнаға 6 жасар бала батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мойынқұм ауданындағы Көкжелек ауылында, аудан орталығы Мойынқұм ауылынан 30 километр жерде кешкісін егін суаратын арнадан тұрғындар баланың денесін байқап, шығарып алған. Ол алты жасар баланың денесі болып шықты», - деп мәлімдеді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ата-ана қарауынсыз қалған бала абайсызда арнаға аунап түсіп, батып кеткен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің деректеріне сүйенсек, шомылу маусымы басталғалы Жамбыл облысындағы су айдындарында тоғыз оқыс оқиға тіркеліп, тоғыз адам қайтыс болған, соның алтауы - балалар.

Былтыр дәл осы кезеңде жеті адам, соның ішінде екі бала батып кеткен еді.

Автор: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар