Жамбыл облысында 57 соғыс ардагері 1 млн теңгеден алады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында Жеңістің 75 жылдығына мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Олар онлайн-форматта өтеді.

Қыркүйек айында мектептерде патриоттық және ерлік сабақтарын өткізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 57 соғыс ардагері мен мүгедегі тұрады. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілмек.

Сонымен қатар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 1989 адам 100 мың теңгеден алады. Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған. Соғыс жылдарында тылда 6 айдан астам жұмыс істеген 4742 адам 50 мың теңгеден алады. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың 337 жесірі мен мүгедек майдангерлердің әйелдері де әлеуметтік көмек алады. 60 мың теңгеден Ленинград қоршауының үш бұрынғы тұтқынына және концлагерьдің үш тұтқынына төленеді.

Сондай-ақ, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Мемлекет басшысының атынан медальдар, алғыс хаттар мен азық-түлік себеттері беріледі.

Жамбыл облысының аумағында 197 Ұлы Отан соғысы батырларына ескерткіш орнатылды, оның 11-і 11 мемориалдық тақта.

Совет одағының Батырлары мен «Даңқ» ордені иегерлерінің есімдері облыс бойынша бір елді мекенге, үш ауылдық округке, 41 нысанға, 575 көшеге берілген.


Соңғы жаңалықтар