Жамбыл облысында 500 000-нан астам АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған адам ұсталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы мамырда шекарашылар «Ауқатты» автомобиль өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) 500 000-нан астам АҚШ долларын заңсыз әкетудің алдын алды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұлттық мүдделерді қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті биылғы 14 наурызда «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» № 830 Жарлыққа қол қойғанын еске саламыз.

Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасынан 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.

Ұсталған азамат пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар