+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жамбыл облысында 50 ауылда 10 мыңнан астам үйге тіркелген интернет тартылып жатыр

2020 жылғы 30 қыркүйек 11:35
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында 50 ауылда 10 мыңнан астам үйге тіркелген интернет тартылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өңір басшыларын Жамбыл облысындағы инвесторға назар аударуды сұрады.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда өрт сөндіру құралымен жұртты шошытқан блогер қамауға алынды Шар қаласындағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды – ШҚО Қазақстанның 3 қаласында жылдамдығы жоғары 5G интернет қолжетімді болады

Министрдің айтуынша, ол жақта жеке инвестор 50 ауылға интернет тартып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы екі жобамен шектелмей (мемлекет жүзеге асыратын екі жоба) операторлар оптиканы ауыл үйлеріне тартып жатыр. Мысалы жеке инвесторлар «Транстелекоммен» бірігіп Жамбыл облысында 50 ауылда 10 мыңнан астам үйге тіркелген интернетті тартуда. Басқа өңірлердің әкімдеріне бұл мысалды іске асыруды сұраймыз», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша қазіргі уақытта кей адамдар радиофобиялық үрей бар. Мысалы елордадағы «Family Village» кешенінде 2-3 тұрғынының арызы бойынша базалық станция алынып тасталып, интернет өшіп қалған.

«Одан кейін жақын жерден қайтадан байланыс операторы базалық станцияны орнатуға мәжбүр болды. Бірақ бүгінгі таңда интернет газ, электроэнергия, су сияқты бірінші қажеттілікке айналғанын ескеру керек», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT