Жамбыл облысында 47 жылқыны айдап кеткен барымташылар ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Рысқұлов аудандық полициясының қызметкерлері ұрланған жылқыларды иесіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Рысқұлов ауданы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде  Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында он жылқы тиеген көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде жылқылардың құжаттары болмай шықты. Рысқұлов ауданының үш тұрғыны мал ұрлады деген күдікке ілінді. Жылқыларды Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі Жынырау жайылымынан ұрлаған. Қазіргі нарықтағы бағаға сәйкес, ұрланған малдардың жалпы құны 2 960 000 теңгені құрайды», - деп түсіндірді құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігімен (ірі көлемде ұрлық жасау) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тәркіленген жылқылар заттай дерек ретінде танылып, иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, биыл 17 қарашада Сарысу АІІБ-ге ер адам 37 жылқысын ұрлап кеткенін айтып, шағым түсірген. Ол жоғалған малының жалпы құны 9,75 млн теңге деп бағалаған.

Ұрлық жасау ісі осы ауданның «Қайрақбай» жайылымында Үйім ауылына жақын жерде болған. Сарысу аудандық полиция бөлімі төрт тергеу-жедел тобын құрған. Іздеу жұмыстары барысында барлық 37 жылқы жайылымнан 20-25 шақырым қашықтықтан табылды. 

Соңғы жаңалықтар