Жамбыл облысында 40 мәдениет үйі тұрғызылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылда 40 мәдениет үйі соғылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ZhambylNews-ке сілтеме жасап. 

Бұл мəдени нысандар "2018-2020 жылдарға арналған елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту" картасы бойынша 2019-2025 жылдар аралығында кезең-кезеңімен тұрғызылады. Бұл туралы сала басшысы Д.Бықыбаев ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

Атап айтар болсақ, ыңғайластырылған және мүлдем мәдениет үйі жоқ елді мекенде 2019-2021 жылдары 26, ал 2022-2025 жылдар аралығында 14 мәдениет үйін соғу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, облыстағы мәдениет мекемелерін оңтайландыру барысында 61 мекемені қысқарту ұсынылды.

Айта кетейік, оңтайландырудан кейін барлығы 488 мекеме халыққа қызмет көрсететін болады.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар