Жамбыл облысында 4 айда 305 жол апаты болды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жыл басынан бері 4 айда 305 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаттарынан 42 адам қаза тапқан, оның 12 - сі балалар. Ал 459 азамат түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Соның ішінде «Абайлаңыз, балалар!» секілді жедел-профилактикалық іс-шарасын үнемі өткізіп келеміз.

Көбінесе «Альфард» маркалы автокөлік жүргізушілері жол ережесін жиі бұзады. Олар белгіленген жылдамдықты шектен тыс асырып, сағатына 200 километр жылдамдықпен жүреді. Ал, мұның соңы қайғылы жағдайға әкелуі әбден мүмкін. 4 айда 305 жол апатының болуы да осындай қателіктерден орын алып отыр.

Осы орайда, жүргізушілерге жол – қателікті кешірмейтінін естеріне салғым келеді», – деді Жамбыл облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы полиция подполковнигі Дәулет Жанғабылов.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының полицейлері жыл басынан бері 210 қару тәркілегенін жазған болатынбыз.

Оның 37-сі 2022 жылдың қаңтар айында полиция департаменті қоймасынан ұрланған.

Сондай-ақ, осы уақыт аралығында 3674 оқ-дәрі алынды.

Қару-жарақтың негізгі бөлігі жасырын көмілген орындардан анықталды.


Соңғы жаңалықтар