+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Жамбыл облысында 30 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты

2019 жылғы 14 қараша 10:25
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында 30 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 30 304 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмыспен қамту орталықтарының 500 қызметкері біліктілігін арттырады Елордада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды Біржан Нұрымбетов: Міндетіміз – кадр даярлау жүйесін жұмыс беруші талабына бейімдеу

23 793 адам жұмысқа орналастырылса, оның 17 842-сі немесе 75% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Жамбыл облысында 3 322 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында қамтылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.

Жамбыл облысында микрокредитпен 1 561 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды мемлекеттік бағдарламаның 43 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 1 271 адам алды (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында 8 967 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 523-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 2 409-ы жастар практикасына және 5 035 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT