+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Жамбыл облысында 28 жылда 870-тен астам әлеуметтік нысан салынды

2019 жылғы 17 желтоқсан 07:19
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында 28 жылда 870-тен астам әлеуметтік нысан салынды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 28 жылында 870-тен астам әлеуметтік нысан бой көтерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Облыста Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік сала айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді десек, осы уақыт аралығында өңіре 871 әлеуметтік нысан салынған. Атап айтар болсақ, 28 жылда барлығы 245 білім, 126 денсаулық сақтау, 500-ге тарта спорт нысандары жаңадан бой көтеріп, есігін айқара ашқан.

«Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, өңірде 126 медициналық нысан салынды. Қазір жалпы саны 391 денсаулық сақтау ұйымы тұрақты қызмет көрсетеді. Тиісінше саланы қаржыландыру да ондаған есеге артқан. Мәселен, 2000 жылы салаға бөлінген қаржы 2 миллиард теңге болса, ағымдағы жылы ол көрсеткіш 61,4 миллиардқа жетіп отыр», - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Аймақта «Жасыл экономика» бағытындағы жұмыстар да көш ілгері. Бұл сала әсіресе, 2010 жылдан бері қарқын алуда. Қазір күн, су және желден қуат өндіретін 11 электр стансасы жұмыс істеп тұр. Олардың жалпы қуатылығы 169 мегаватт. Айта кету керек, қазір жергілікті тұрғындар баламалы энергия көздерінен өндірілетін энергияның 20 процентін тұтынып отыр.

«Бүгінде өңірде тағы бес жобаның құрылысы жүргізілуде. Олардың жалпы құны 118,5 миллиард теңге, қуаттылығы 233 мегаватты құрайтын болады. Екі жобаны биыл жыл соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз», - дейді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев.

Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдары аймақта атқарылған жұмыстарды ауыз толтырып айтуға болады. Айталық, облыс бюджеті соңғы 15 жылда 12 есеге артқан. Биылдың өзінде өңірдің экономикалық көрсеткіші 5 процентке өскен. Өндіріс көлемі 6,5, жеке инвестиция 20 процентке жетті. Биыл жыл басынан бері 430 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT