Жамбыл облысында 28 жастағы ауыл тұрғыны суға батып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға Шу ауданының суларында тіркелген, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖ департаментінен.

«22 маусым күні сағат 17:10-да облыстық ТЖД-іне Шу аудандық ІІБ кезекшісінен Шу ауданындағы Тасөткел ауылына жақын орналасқан магистральдік арнаға шомылу кезінде Қордай ауданының Масаншы ауылының 28 жастағы тұрғыны суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Ер адамның мүрдесін судан сол күнгі сағат 18:55-те туыстары алып шықты», - деп түсіндірді облыстық ТЖД-інде.

Бұл биылғы жылғы шомылу маусымында өңір бойынша суда орын алған бесінші қайғылы оқиға.

Соңғы жаңалықтар