Жамбыл облысында 28 ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айрылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылдың 3 айында Жамбыл облысы Полиция департаменті кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактиканың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша, түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін ішкі істер органдарына 2844 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. 125 жасөспірім және 121 қолайсыз отбасы есепке алынды, онда 215 кәмелетке толмағандар тұрады. Құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасағаны үшін девиантты мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке 13 бала орналастырылды, 28 ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар ата-ана құқығынан айырылды. Есепте барлығы 252 жасөспірім тұр.

«Өткен кезеңде 1171 бірлескен рейд өткізілді. Жасөспірімдердің шоғырлану орындарын тексеруге бағытталған 816 мектептік рейд барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 2812 адам ІІО-на жеткізілді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барлығы 177 жасөспірім орналастырылды»,-делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстардың 24 пайызға немесе 25-тен 19-ға дейін төмендеуіне қол жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар