Жамбыл облысында 27 жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Жамбыл облыстық жедел жәрдем стансасына 27 автокөлік кілті табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатынын ерекше атап өтті. Халық денсаулығын арттыру мен медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы бұл игі іс баршамыз үшін маңызы мен мәртебесі бөлек мерекеге тұспа-тұс келіп отыр. Облыс орталығы мен аудандарға берілген 27 автокөлік облысымыздағы медициналық қызметтің сапасын арттырарына сенімдіміз» - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев салтанатты табыстау рәсімінде.null 

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары медицина саласында атқаралып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қажетті 95 нысан салу жоспарланып, биыл 30 нысан, 2019 жылы - 40 нысан, 2020 жылы - 25 нысан салынатынын жеткізді.

Жамбыл облыстық жедел жәрдем стансасына берілген 27 арнайы автокөлік облыс орталығы мен аудандарға үлестірілді. Атап айтқанда:

Тараз қаласы - 4 автокөлік.

Жамбыл ауданы - 5 автокөлік.

Байзақ ауданы - 2 автокөлік.

Жуалы ауданы - 1 автокөлік.

Қордай ауданы - 5 автокөлік.

Меркі ауданы - 1 автокөлік.

Мойынқұм ауданы - 2 автокөлік.

Талас ауданы - 1 автокөлік.

Т.Рысқұлов ауданы - 1 автокөлік.

Шу ауданы - 4 автокөлік.

Сарысу ауданы - 1 автокөлік.

null 

Соңғы жаңалықтар