+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Жамбыл облысында 19 елді мекенде су тасқыны қаупі төмендеді

2021 жылғы 8 сәуір 04:11
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында 19 елді мекенде су тасқыны қаупі төмендеді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда жүргізілген жұмыс нәтижесінде 19 елді мекенде су басу қаупі төмендеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында облыстық ТЖД бастығы Ермек Момбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аршалы ауданында су тасқынына қарсы жұмыс жүргізіліп жатыр Қазақстанда қанша елдімекенді су басу қаупі бар Қостанай облысындағы Қарамырза ауылында бірқатар үйлерді су басты

Спикердің айтуынша, Жамбыл облысында жалпы су тасқыны қатерлерін алдын алу бойынша Жол картасы жасалнған.

Оған енген 26 нысанның бүгінде 25-інде жұмыс толығымен аяқталыпты.

Жол картасына сәйкес, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, 19 елді мекенде су басу қаупі төмендеген.

Атап айтқанда, Жамбыл ауданы бойынша «Дорожник», «Майская» саяжайы, Аса ауылы.

Ал Байзақ ауданында Сарыкемер, Қызыл Жұлдыз және Дихан ауылы. Қордай ауданында Масаншы, Қасық, Қалғұты, Беріктас және Арал ауылы.

Талас ауданы Ақкөл, Шакиров және Үшарал ауылдары, Меркі ауданында Ақермен және Меркі ауылы. Шу ауданындағы Буланбай, Оразалы және Ақсу ауылына табиғи апаттан төнер қауіп жоқ.

«Жол картасында орындалмаған 1 нысан Тараз қаласында. Жамбыл және Байзақ аудандарының елді мекендерінде су басу қаупінің алдын алу үшін Талас өзенінде жалпы ұзындығы 25,4 шақырым жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеуіне байланысты орындалмады. Аталған іс-шара «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасына енгізілді. Қазіргі таңда, бұл бағытта жұмыстар шешімін табуда. Мәселен, биыл ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша 555,5 миллион теңге қарастырылған, оның 55, 5 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен бөлініп, жұмыстар жүргізілуде», - деді Ермек Момбаев.

Былтырғы жылдың қыркүйегінен осы сәуір айына дейін облыстағы гидротехникалық құрылымдарға Шу-Талас бассейндік инспекциясы, «Қазсушар» РМК филиалы мен Жамбыл су қоймалары мекемелері комиссиялық тексеру жүргізді.

Қорытындысында «Жамбыл су қоймалары» КММ меншігіндегі 22 су қоймаларының ағымдағы жөндеу қажет екендігін анықтады.

Олардың қатарында Бөгет№5, Каменное, Дарбаза, Қызыләуіт, Шабақты, СТФ, Маханды-1, Аспара-1, Кеңес, Ленинжол, Бәйтелі(Новое), Аққайнар, Жиенәлі, Новое, Ақкумбез, Базарбай-1, Базарбай-2, Тастан, Тегістік, Ақермен1-2, Бәйтелі су сақтағыш қоймалары бар.

Айта кету керек, су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстары облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының мойнында.

Олар «Ерекше авариялық су шаруашылығы құрылымдарын қалпына келтіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізуде.

Бағдарлама бойынша 72,8 млн теңге бөлініп, 7 су қоймаға ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT