Жамбыл облысында 18 компьютерлік томография жұмыс істеп тұр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында барлығы 18 компьютерлік томография аппараты жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы аумағында жұмыс істейтін барлық 18 компьтерлік томография – қазіргі заман талабына сай, инновациялық-сандық үлгідегі заманауи қондырғы.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың ауру деңгейін анықтауда зор мүмкіндік беретін компьютерлі томография құрылғыларының 8-і мемлекеттік, 10-ы - жекеменшік медициналық орталықтарда орналасқан.

Жақында ғана Қордай және Талас аудандарына да осындай заманауи аппарат жеткізілді. Екі ауданда бұған дейін ондай аппарат болмаған. Орта есеппен 1 аппарат тәулігіне 96 науқасты түсіре алса, ал 18-і 1 728 адамды қарауға қауқарлы. Алдағы уақытта медициналық мекемелерге қосымша тағы 4 құрылғыны алу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Халыққа компьютерлік томографиядан өту үшін алдыңғы жылдардағыдай апта бұрын жазылып, кезек күтудің немесе шалғай ауылдық елді мекеннен қала орталығына сабылып келудің қажеті шамалы. Бүгінде барлық емдеу мекемелерінде бар құрылғалар халыққа тәулік бойы, үздіксіз қызмет көрсетуде. Жеңілдік санатындағы адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркеуде тұрған адамдар тегін тексеруден өте алады. Сондай-ақ, келісімшартқа отырған кез-келген емдеу мекемесінің жолдамасымен барған пациенттер де тегін диагностикадан өтуге құқылы», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар