Жамбыл облысында 17 жолаушы мінген автобус аударылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолының бойында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 7.40-та болған.  Қордай ауданы, Соған ауылының маңында, ішінде 17 жолаушысы бар «Mersedec Sprinter»  шағын автобусы аударылып қалды.

«Салдарынан екі адам мерт болды. Жараланған жолаушылар Қордай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаны себеп-салдары тексеріліп, бірқатар сараптамалық жұмыстар жасалып жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар