Жамбыл облысында 17 тоннаға жуық жабайы қара сора өртелді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында полицейлер 16,5 тоннадан астам жабайы қарасораны жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап кең ауқымды «Қарасора-2021» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрылған болатын.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жиырма күн ішінде Шу, Тұрар Рысқұлов және Байзақ аудандарының 450 гектар жер аумағында жабайы қарасораны шабу арқылы 16 тонна 742 келі «сора тұқымдас өсімдікті» өртеді. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.


Соңғы жаңалықтар