Жамбыл облысында 166 жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Жамбыл облысында 166 көлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнын тастап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жыл басынан бері көлік жүргізушілерінің жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетудің 66 дерегі тіркелді. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 134 жүргізушіні анықтап, жауапкершілікке тартты, қалғандарының тұратын жері анықталуда.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушілер көбіне мойнына жауапкершілік алмас үшін бой тасалайды. Ал оның соңы көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеліп жатады.

«Заң талаптары бойынша жол-көлік оқиғасы орнын тек зардап шегушіні өзінің көлік құралымен жақын маңдағы емдеу мекемесіне жеткізген жағдайда ғана қалдыруға жол беріледі. Бұл ретте, өзінің аты-жөнін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін хабарлай отырып (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралының тіркеу құжатын көрсете отырып), кейіннен оқиға орнына қайта оралады.

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Полиция департаменті Сіздерге полиция қызметкерлері келгенге дейін жол-көлік оқиғасының орнын тастап кетпеу қажеттігін ескертеді. Егер сіз ЖКО куәгері және оның басы-қасында болсаңыз, «102» пультіне дереу хабарлауды сұраймыз», - делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар