+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Жамбыл облысында 157 мектепте полиция инспекторы жетіспейді

2019 жылғы 6 желтоқсан 15:43
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында 157 мектепте полиция инспекторы жетіспейді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы 157 мектепте полиция инспекторы жетіспейді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті өткізген «Бала қауіпсіздігі – баршаға ортақ мәселе» тақырыбындағы облыстық ата-аналар жиналысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгінде облыста 442 мемлекеттік мектеп, 4 түзету оқу орны, 4 кешкі және 7 мемлекеттік емес мектеп бар.

Қоғам талқысындағы өзекті мәселені көтерген жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров және Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, сондай-ақ облыстық Білім басқармасының қызметкерлері, облыстық Ата-аналар комитетінің мүшелері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, Қамқоршылық кеңестер, жеке күзет ұйымдарының өкілдері қатысты.

Осы тақырыптағы жиналыс бір мезгілде Тараз қаласында және облыстың 10 ауданындағы полиция бөлімдерінің бірінші басшыларымен өткізілді.

Өңірдің бас полицейі Арман Оразалиевтің айтуынша, 5 мектепте кәмелет жасына толмағандарды қадағалайтын инспекторлар қызметтік міндетттеріне сай болмай шыққан. Сол себепті қазір білім ордасында барлық инспектордың біліктілігін жетілдіру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ жиында бейнебақылау камераларын көбейту жайы да сөз болды. Қазір облыстағы барлық мектепте 5300-ге жуық камера орнатылған. Алдағы уақытта қосымша 4 мың бейнебақылау құрылғысын орнату жоспарланған. Білім ошақтарын арнайы мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз ету де күн тәртібіндегі мәселе болып отыр.

«Біз қазір кезекшілік патрульдік қызметті күшейттік. Экипаждар мектеп аумағына барады. Ондағы жағдайды бақылайды. Білім ұясындағы инспекторлармен күн сайын байланысып отырады. Бұл шараларды міндетті түрде таңертең, түсте және кеште жүзеге асырамыз», - деді Арман Оразалиев.

Сондай-ақ, басқосу барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту үшін бірқатар ұсыныстар жасалды. Олар – мектеп ғимараттарына бөгде адамдардың кірмеуін және аулаларында құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін арнайы күзет мекемелерімен шартқа отыру, кіреберіске өткізу турникеттерін орнату, ата-аналар жиналыстарын ұдайы түрде ұйымдастыру, «Қауіпсіз мектеп жолы» аясында мектепке келер жолдарының сызбасын жасап, кезекшілік ұйымдастыру, сабақ уақытында себепсіз жүрген оқушылардың жүруін қатаң бақылауға алу, сабақ болмаған жағдайда ата-аналарға оқушының ерте кеткені туралы міндетті түрде хабарлау.

«Полиция тарапынан кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Алайда, бұл мәселеде тек полицияның қызметі жеткіліксіз. Балалардың бос уақытын қалай өткізуі, мектепке келмеген жағдайда не істейтіні, ғаламтор желілерінде қандай ақпараттарды қарайтыны, кіммен араласатыны туралы, біріншіден, оның ата-аналары, ұстаздары үнемі назарда ұстауы керек. Сондықтан, бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық тиісті тұлғаларды жауапкершілікпен қарап, полициямен бірлесе жұмыс істеуге шақырамын», - деді облыстың бас полицейі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Білім, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT