Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы суға батып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында тағы бір адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«18 маусым күні 18:15-те Ақбұлым ауылының тұрғындары «Базарбай» арнасынан 2004 жылы туған жасөспірімнің денесін шығарып алды. Ол шомылуға болмайтын жерде шомылып жүріп, суға батып кеткен», - дейді ведомство өкілдері.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 14 маусым күні 12:40-та Шу ауданының Қонаев ауылында да арнада шомылып жүрген ер адам суға батып кеткен.

Бұл - жыл басынан бергі сегізінші қайғылы оқиға. 2017 жылы 33 адам суға батып, өмірі қиылған, соның 22-сі - балалар болатын.

Соңғы жаңалықтар