Жамбыл облысында 14 мәдениет нысаны, 23 спорт кешені салынады

Фото:
Тараз. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Жамбыл облысына іссапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асхат Оралов БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында облыста 14 мәдениет нысаны бой көтеретінін айтты. 9 нысан жыл соңына дейін берілсе, 5-еуі келесі жылдың еншісінде.

Спорт саласы бойынша 23 спорт кешенінің құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталады.

Министр сондай-ақ, Тараздың қолөнершілер қаласы статусына ие болуымен құттықтады.

Жамбыл топырағынан көптеген мықты олимпиада жеңімпаздары мен мәдениет қайраткерлері шыққанын, мұндағы 5 нысан ЮНЕСКО-ның құрамына еніп отырғанын ерекше атап өтті.

Айта кетейік, іссапар барысында Асхат Оралов көне шаһардың бірнеше мәдени ескерткішімен танысады.

Бұған дейін Жамбыл облыстық қазақ драма театры Қырғызстанда үздіктер қатарынан көрінгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар