Жамбыл облысында 138 көше мен 2 елді мекеннің аты ауысады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл обылысында 138 көше мен елді мекеннің аты ауысады. Бұл туралы облыс әкімдігі жанындағы Ономастика комиссиясының кезекті отырысында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау мәселесі бойынша аудан әкімдіктерінен түскен 138 ұсыныс қаралып, шешім қабылданды.

Олардың ішінде Байзақ ауданынан - 2, Жамбыл ауданынан - 46,  Сарысу ауданынан - 3, Шу ауданынан - 83 көшенің және Меркі ауданында 2 елді мекеннің атауын өзгерту мәселесі бар.

Айта кету керек, атауын өзгерту ұсынылған 138 көше мен елді мекеннің көбі идеологиялық тұрғыдан мағынасы ескіргендер болса, олардың дені тарихи атауларымен қайта аталмақ.

Автор: Ғибрат СЕМБАЙ

 

 

Соңғы жаңалықтар