+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Жамбыл облысында 129 адам қызылша ауруын жұқтырған

2019 жылғы 13 наурыз 05:19
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында 129 адам қызылша ауруын жұқтырған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында қызылша ауруы белең алып барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыста соңғы бір айдың ішінде бұл дертті жұқтырғандардың саны үш есеге көбейіп кеткен. Мәселен, өткен айда облыс бойынша осы ауруға 40 адам шалдықса, қазір бұл көрсеткіш 129-ға жетті. Олардың 100-ге жуығы бала болса, оның 50 шақтысы әлі бір жасқа толмаған нәрестелер екен.

Қазір эпидемияға қарсы шаралар қарқын алып, тәулік сайын мониторинг жасалып жатыр.

Мамандардардың айтуынша, ауырғандардың дені екпе алудан бас тартқандар мен вакцина алу жасына жетпеген балалар.

«Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы вакцина. Қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті. Қоймада қазіргі таңда 7900 доза вакцина бар. Енді тұрғындарға айтатынымыз, вакцинадан және басқа да ауруларға вакцина алудан бас тартуға болмайды»,-дейді облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов.

Айта кетейік, бүгінге дейін екпе алғаны туралы ешбір мәлімет жоқ 691 адамға екпе жасалған. Сондай-ақ, жыл басында 1 жасқа дейінгі және 6 жастағы 3 мыңға тарта балаға қызылшаға қарсы екпе салынған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT