Жамбыл облысында 1200 сауын сиырға арналған сүт фермасы салынып жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Жуалы ауданында 1200 бас сауын сиырға арналған тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр, деп хабарлайды Хабар24.kz.

Ферманың жобалық құны 1 млрд теңге. Бұл қаржыға құрылыс жұмыстары мен фермаға қажетті голландиялық құрал жабдықтар сатып алынады. Қазір құрылыстың 75 проценті аяқталған. Серіктестіктегі сауын сиырға арналған кешенде 15 адам құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін голландиялық технологияны орнату жопарланған. Егер жоба іске асса, келесі жылы шетелден 1200 бас асылтұқымды сүтті сиырлар әкелінеді.

«Құрылыстың жалпы аумағы 3 гектарды құрайды. Мұндағы соғылып жатқан екі кешенде 600 бас сауын сиырлар болады. Ал үшіншісі автоматтандырылған сүт сауу залы мен мал төлдетуге арналған орын бар. Қазір серіктестіктегі мал басының саны екі мыңға жуықтаған. Оның 800-ден астамы асыл тұқымды сиырлар. Мұнда күніне 7 тонна сүт алынады. 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған серіктестік жаңа ферма іске қосылса, жұмысшылар қатарын тағы 50 адаммен толықтырамыз деп отыр»,-дейді құрылыс учаскесінің бастығы Максим Сладков.

Ал Жуалы ауданы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Сәбит Нұрлыбаев 1200 басқа арналған сүт тауарлы ферманы 2020 жылы толықтай аяқтау жоспарланып отырғандығын айтады.

«Оның ішіндегі қондырғылардың барлығы голландиялық технологиямен енгізіледі, енді ол қондырғының барлығы толықтай біткен жағдайда бұл тауарлы сүт фермада 50 адамдай жұмыспен толықтай қамтамасыз етіледі. Серіктестіктің былтырғы өндірген өнім көлемі 844 миллион теңгені құраған. Негізгі басымдық сүт пен ет бағыты болғандықтан малға қажетті жем-шөпті де өздері дайындайды. Бүгінгі күні 1000 гектар алқапқа арпа бидай, 400 гектар жерге көп жылдық шөп егілген»,-дейді сектор меңгерушісі.

Соңғы жаңалықтар