Жамбыл облысында 11-сынып оқушысы асулы күйінде табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында 11-сынып оқушысы асулы күйінде табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 30 қарашасында, сағат 17.30-да Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне өз үйінің сарайынан 11-сынып оқушысы, 16 жастағы қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі уақытта факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігі (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген ведомство мәліметінде.

Бүгінде барлық қажетті сараптамалар тағайындалған. Кәмелетке толмаған бала бұған дейін ешқандай теріс қылық көрсетіп, есепке ілінбегендігі анықталып отыр.

Аталған факті Жамбыл облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Т.Рысқұлов ауданың әкімі Ерболат Садырқұлов Facebook-тегі парақшасында жазғандай, осы оқиғаға қатысты аудандық бiлiм бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қызметтерінен босатылды.

«Өкінішке орай, 2019 жылдың 30 қарашасы күні қайғылы оқиға болды. Жағдай орын алған сәттен отбасына аудан прокуроры Д.Райымқұлов, аудан әкімі орынбасары Б.Әлпейісов, білім бөлімі басшысы Е.Сейтжапаров және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінен құралған жедел тергеу тобы, арнайы мамандар барып,жағдайды зерделеді. Сол күні кешкі сағат 18:30-да менің төрағалығыммен аудан әкімдігінде аудан прокуроры және аудан әкімінің орынбасары, білім бөлімі басшысының қатысуымен оқиғаға қатысты жедел штаб отырысы өткізілді. Қазіргі уақытта заң аясында тиісті тергеу жұмыстары жалғасуда. Бiлiм бөлімінің басшысын және мектеп директорын жұмыстан босату туралы нақты шешім қабылданды», - деді Е.Садырқұлов.

Соңғы жаңалықтар