Жамбыл облысында 10 адам ажал құшқан жол апаты оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында болған жол-көлік апатының фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне аймақтың ІІД-нен.

Жол апаты Жамбыл облысындағы «Алматы-Астана» күре жолының 394-ші шақырымында орын алған. Астанаға жол жүріп келе жатқан «Ванхул» автобусының аударылуы салдарынан он адам оқиға орнында мерт болды. Тағы үшеуі Приозерскі ауруханасына жеткізілді. Жол апатына көктайғақ себеп болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобусты Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны басқарған. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі уақытта жол апатының себебі анықталу үстінде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар