Жамбыл облысында 1 млн жымқырған шенеунік екі жылын түрмеде өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті бұдан бұрын «Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Е. Еркебаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын мәлім етті.

«Е. Еркебаев сеніп тапсырылған мүлікті жалпы сомасы 1 млн теңгеге тауарлық-материалдық құндылықтар түрінде жымқырған. Талас аудандық сотының үкімімен Е. Еркебаев қауіпсіздік жағдайы төмен түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 2 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Ол сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар