Жамбыл облысына жеткізілген вакцинаны бірінші болып облыс әкімінің орынбасары салдырды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Бүгін Таразға ресейлік «Спутник - V» вакцинасының алғашқы 1000 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең алдымен, вакцина ең алдымен коронавирус жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болатын медицина қызметкерлеріне егілетін болады. Олардың қатарында инфекционист дәрігерлер, реаниматологтар, қабылдау бөлімі мен жедел жәрдем, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бар.

Бүгін таңертең Тараздағы №4 қалалық емханаға алғашқы 50 доза келіп түсті.

Вакцинация тек ерікті түрде жүргізілетінін атап өткен жөн.

Вакцинаны алғашқылардың бірі болып облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев қабылдады.


«Процедура ауырсынусыз өтті, өзімді жақсы сезінемін. Біз ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинациялаудан бас тартпауымыз керек. Экономиканың дамуы және тұрғындардың қалыпты тіршілікке тезірек оралуы үшін жолдағы кедергілерді еңсеру керекпіз», - деді Берік Нығмашев.

Ал, Әсет Қалиевтің айтуынша, 18-64 жас аралығындағы облыс халқының 52 пайызын вакцинациялау жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар