Жамбыл облысына Vero Cell вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысына қытайлық «Vero Cell» вакцинасының 20 мың дозасы жеткізіліп, барлық ауданға таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысына COVID-19-ға қарсы «Vero Cell» вакцинасының 20 мың дозасы жеткізіліп, барлық қалалық және аудандық емханаларға таратылды. Ол SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02 штамынан жасалған «Sinopharm компаниясының «Vero Cell» вакцинасы инактивті.

Арнайы термоконтейнерлерде +2, +8 С режимінде сақталатын вакцинада антибиотиктер мен консерванттар жоқ. 18 жастан асқан ересектерге арналған сұйықтық 21-28 күн аралықпен екі дозаны құрайды»,- делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, Vero Cell препаратының бір дозасы – 0,5 миллилитр. Вакцинаның екі дозасын (әрқайсысы 0,5 миллилитр) 3–4 апта аралығымен (21–28 күн) енгізу ұсынылады. Аралық нәтижелер COVID-19-ға қарсы 79,3% тиімділікті және орташа және ауыр жағдайлардың алдын алуда 100% тиімділікті көрсетеді. «Vero Cell» ДДҰ-мен мақұлданған.


Соңғы жаңалықтар