Жамбыл облысына Ирландиядан асыл тұқымды сиырлар әкелінді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Жалпақтөбе ауылындағы «Жамбыл ет» ЖШС-не Ирландиядан Ангус тұқымды ірі қара малдың алғашқы партиясы жеткізілді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аталған кәсіпорын 1000 бас ет бағытындағы тұқымды сатып алды. Несиеге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

филиалы арқылы қол жеткізген. Негізі ірі қара мал тұтынушыларға бұған дейін жеткізілуі тиіс еді, бірақ індетке байланысты бұл процесс кейінге қалдырылған

болатын.

«Жамбыл-ет» ЖШС ет өндірісіне маманданған әрі өндірістің айтарлықтай көлемін қамтамасыз етуге ниетті. Осы орайда ет бағытындағы ірі қара малды бағумен айналысуға ден қойған. Кәсіпорын директорының орынбасары Бақыт Есқалиевтің айтуынша, бұл жағдайда ангус тұқымы өте қолайлы екен.

- Бұлар әзірге 10-15 айлық таналар. Біз оларды алдымен карантинге жібереміз,

содан кейін ғана жайылымға шығарамыз. Осы уақыт ішінде біз жануарларға тиісті күтім жасаймыз. Ол үшін бізде барлық жағдай қарастырылған. Жем қоры, қажетті дәрумендер мен минералдар дайындалған, - дейді Бақыт Есқалиев.

5 қыркүйекке дейін қалған 600 бас мал серіктестікке жеткізіліп, ол карантиннен кейін жайылымдарға жіберілмек.

- Жамбыл ауданында жазда мал ұстауға арналған 1000 гектар жайылымдық жеріміз бар. Бұл әзірге жеткілікті. Қажет болған жағдайда, кез келген уақытта

қосымша алаңдарды жалға алуға болады. Қыстық маусымға арналған жем-шөп қоры жеткілікті мөлшерде жиналды, - дейді «Жамбыл ет» ЖШС директорының орынбасары.- Ангус тұқымынан басқа, болашақта ет-сүт бағытындағы Simmental

тұқымды ірі қара малын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бізде сүт өндіруге мүмкіндік бар. Бірақ бұл әзірге жоспар ғана, - дейді «Жамбыл ет» ЖШС директоры Света Шаушенова.

Әкелінген ірі қара малды күтіп, баптау үшін барлық жағдай қарастырылған.

Компанияда қазіргі таңда 35 адам жұмыс істейді. Орташа жалақылары 120-130 мың теңге аралығында. Онда екі трактор, екі тиеу арбасы және УАЗ автомобиліне негізделген дезинфектор бар.

Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы

бөлімінің басшысы Балжан Ысқақованың айтуынша, 2020 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша облыста 5 мың бас ірі қара малын сатып алу

жоспарланған. Бүгінгі таңда 1 676 бас мал сатып алынған.


Соңғы жаңалықтар