Жамбыл облысына 72 жастағы қарт коронавирустан айықты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысында 72 жастағы қария коронавирустан сауығып шықты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тараз қаласының 72 жастағы тұрғыны Қаратау қаласында тұратын ұлына қонаққа келген. Коронавирус инфекциясының белгілері бірер күннен соң-ақ айқын біліне бастайды. Дене қызуы жоғары көтеріліп, тамаққа тәбеті болмай, әлсізденіп жағдайы нашарлай берген.
Науқас Талас аудандық орталық ауруханасының провизорлық стационарына шұғыл түрде жатқызылады. Онымен қоса, пациенттің қант диабеті, артериялық гипертензия, панкреатит сынды қосалқы созылмалы аурулары болған. Жүргізілген емнен соң да денсаулығы жақсармағандықтан, ақыры ол жансақтау бөліміне ауыстырылады.
Дәрігерлердің желдел жүргізілген емдік шаралары мен дәрі-дәрмектің арқасында қария біраз уақыттан соң жазылып шықты.
«Бұл жағдайды бастан өткізбей, ешкім түсіне алмайды. Аурудың бар екеніне сенбей жүрген азаматтарға айтарым: салғырттық танытпаңыздар. Өзіңізді ойламасаңыз да, басқаларға зияныңыз тимесін. Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын деп тілеймін. Ең маңыздысы – бетперде тағып жүру керек. Өзімнің атымнан барлық дәрігерлер мен мейірбекелерге, шексіз ризашылығым мен алғыс білдіремін»- дейді ол.
- Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
- Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр
- Алматыда ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі таныстырылды
- ШҚО-да шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды
-
25 млн теңгені жымқырған Шымкент балалар ауруханасының бас дәрігері мен есепшісі сотталды
-
Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам