Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы №32-ө өкімімен Мәтен Мәди Мейірбекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Мәтен Мәди Мейірбекұлы 1984 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Баспахана» ЖШС-нің директоры болып бастаған.
2004-2005 жылдары Жуалы аудандық «Жаңа өмір - Новая жизнь» газеті редакциясының фототілшісі, 2005-2011 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім басшысы, 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2012-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
- Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді
- ШҚО Катонқарағай ауданының әкімі тағайындалды
- Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр
- Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
-
Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына жаңа директор тағайындалды
-
Жамбыл облысында қарлы боран: шұғыл штаб құрылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам