Жамбыл облысы су тапшылығы мәселесін қалай шешпек

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қыметіндегі брифингінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ауыл шаруашылығы үшін қолданылатын судың тапшылғын болдырмау үшін қандай шаралар қолға алынғанын баяндады, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының суармалы жер көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыста суармалы егіс алқабын ұлғайту үшін ауқымды шаралар қолға алынды. Ол үшін арнайы Жол картасы бекітілді. Карта аясында 2025 жылға дейін 124 мың гектар алқапты қалпына келтіру көзделуде. Халықаралық қаржы институттары арқылы 40 млрд.теңге қаржы бөлініп, 33,9 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 257 нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы 54,9 мың гектар алқапты айналымға қосуды көздеп отырмыз», - деді Нұржан Нұржігітов.

Өңір басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы су тапшылығын болдырмау үшін облыста 14 су қоймасы салынады.

«Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен - 11, республикалық бюджет есебінен 3 су қоймасының құрылысы жүргізілетін болады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы су тапшылығын жоюдың бірден бір тетігі ретінде біз жерасты суы қорын пайдалануды қолға алдық. Айталық, 646 ұңғыма қазу жоспарланып, бүгінгі таңда оның 86-сы қазылды», - деп түйіндеді Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов.


Соңғы жаңалықтар