+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Жамбыл облысы шетелден 36 мың ірі қара сатып алмақ

2019 жылғы 27 қараша 13:27
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысы шетелден 36 мың ірі қара сатып алмақ

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында соңғы үш жылда шет елден 6 мыңға жуық мүйізді ірі қара сатып алынды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Әлемдегі ет өңдеу бойынша ең алпауыт екі компанияның бірі Қазақстанға келе жатыр Жамбылдық шаруалар қой еті экспортын арттыруға ынталы Жамбылдық шаруалар мал қыстатуға  1 млн 700 мың тоннаға жуық шөп жинады

Облыста ет өнімін дамыту картасы әзірленген. 2018-2027 жылдар аралығында ет бағытына бағытталған 3 мың фермер шаруашылығы ұйымдастырылып, шетелден жалпы 36 мың бас мүйізді ірі қара сатып алу жоспарланып отыр. Осы шаралардың нәтижесінде өндірістік бордақылау алаңдарында өндірілетін сиыр еті 2,7 мың тоннадан 16,8 мың тоннаға, экспорт көлемі 2,5 мың тоннаға жеткізілме

«Аймақта мал басы саны артып келеді. Биылғы жылы облыстағы мүйізді ірі қара саны – 400,8 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға өсті. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы шетелден биыл жыл басынан бері 2 923 бас мүйізді ірі қара малы әкелінді. Нәтижесінде, асыл тұқымды мал басы артып, соңғы үш жылда шетелден 6 мыңға жуық МІҚ жеткізілді»,-деді Б.Нығмашев.

Басқарма басшысы осылардың негізінде облыста 5 репродуктор-шаруашылық құрылып, облыста асыл тұқымды МІҚ малының жалпы пададағы үлес салмағы – 26 пайызды құрап, республикада алдыңғы қатардан көрінгендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Ырыс» бағдарламасы бойынша заманауи 2 сүт тауарлы фермасы құрылып, қазіргі уақытты Байзақ ауданындағы «Ақжар» және Жамбыл ауданындағы «Бірлік» шаруа қожалықтары игілігін көріп жатыр.

«Ағымдағы жылы 1500 тонна сиыр және 2000 тонна қой етін экспорттау жоспарланса, жыл басынан 2106,8 тонна ет Иран, Бахрейн, Катарға, Біріккен Араб Әмірліктері және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне экспортталды. Оның 1127,7 тоннасы сиыр, 979,1 тоннасы қой еті. Облыста сыйымдылығы 27,0 мың басты құрайтын, 11 ірі бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Бүгінгі күні бұл алаңдарда 3 523 бас бұқашық бордақылануда»,-деді басқарма басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT