Жамбыл облысы мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық мемлекеттік санитариялық дәрігерінің карантин талаптары жазылған жаңа қаулысы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қаулыда санитариялық-эпидемиологиялық жұмыс режиміне күнделікті мониторинг жүргізу және карантин талаптарының сақталу қажеттігі айтылған.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) ата-аналардың өтініші бойынша жұмыс штаттық форматта ұйымдастырылсын. Мектептер бойынша оқушы саны 600—ден аз («қызыл» аймақ) 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) дәстүрлі форматта оқуына рұқсат. 600 оқушыдан жоғары мектептер 50%-нан аспайтын жүктемемен дәстүрлі түрде оқытуға болады», - делінген қаулыда.

Сондай-ақ, мектептен тыс білім беру мекелері де жұмысын дәстүрлі форматта ұйымдастыра алады және вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға рұқсат беріліп отыр.

«Жоғары оқу орындары мен колледждердің («қызыл» аймақ) аралас форматта жұмыс істеуіне рұқсат. Яғни практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, ал дәріс қашықтан ұйымдастырылсын», - делінген құжатта.

Одан бөлек, бас санитар дәрігер 6000 шаршы метрге дейінгі сауда алаңы мен азық-түлік дүкендердің қызметіне рұқсат етті.


Соңғы жаңалықтар