+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында өсім бар – Асқар Мырзахметов

2019 жылғы 23 қазан 14:24
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында өсім бар – Асқар Мырзахметов

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Биыл тоғыз айда Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бірыңғай валюталық одақ құру қарастырылған емес - Ерболат Досаев Қолма-қол ақшасыз төлемдерді тексеру ұсынысы талқылануда – Ұлттық банк Асқар Мамин бірқатар өңірдің әкіміне өнеркәсіп көрсеткіштерін жақсартуды тапсырды

Жиынның күн тәртібіне бірқатар мәселелер қойылып, алдымен облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасының атқарылу барысы қаралды. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Берік Нығмашов жоба аясындағы пилоттық он ауылдық округтер бойынша бекітілген жұмыс алгоритмнің орындалуы туралы баяндады.

Басқарма басшысы жобаға қатысушылардың өтінімдерін қабылдаудың күнделікті жоспары белгіленгенін айтып, ол бағытта қызу жұмыстар жүрігізіліп жатқанын жеткізді. Бүгінде «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына 1020 құжат өткізіліп, оның 947-і қабылданған. 73 құжат қайта қаралуға жіберілген. Сондай-ақ, сатып алынатын мал басының, тұқым мен тыңайтқыштың, жем-шөптің жоспарлы көрсеткіші мен құрылған кооперативтердің қажетті техникамен қамтылу жүйесіне тоқталды.

Асқар Исабекұлы Үкіметте бекітілген тиісті қаражаттың келер айдың басында түсетінін тілге тиек етіп, құжат қабылдау шаралары бірінші қарашаға дейін толығымен аяқталу керектігін ескертті. Ол бойынша жоспардан кешігуі бар аудандардың сылбыр жұмыстары сынға алынып, нақты тапсырмалар жүктелді. Облыс басшысы құрылған кооперативтердің техника базаларының орналасу аймағына көңіл бөліп, алдағы уақытта ауылдық округтер маңынан шағын қайта өңдеу зауыттары салудың маңыздылығына назар айдартты. Ол бойынша жоспарлы жұмыстарды қазірден жүйелей беру керектігін баса айтты.

Басқосудағы екінші мәселе бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады. Ол үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыс экономикасының барлық салаларында оң көрсеткіштер орын алып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, экономикалық өсім бірінші жартыжылдық қорытындысымен 3,3 пайызды құраса, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,6 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Сол секілді өнеркәсіп саласындағы өсім 5,7 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсімі 5,0 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 17,3 пайызға, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты 12,2 пайызға артқан.

Аймақ басшысы тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыстың экономикалық дамуы Үкіметте оң бағаланғанын айтып, жыл соңына дейін осы жоғары динамиканы сақтап тұруға барынша күш салу керектігін ескертті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT