Жамбыл облысы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына Қайрат Сәлімұлы Бектембаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Қайрат Бектембаев еңбек жолын 1991 жылы бастап, 25-тен астам жыл бойы қаржы полициясы және мемлекеттік кірістер органдарында қызмет етті.

2019-2020 жылдары Қарағанды облысы бойынша ЭТД-де б асқарма басшысы қызметін атқарған.

2021 жылдың наурызынан бастап Түркістан облысы бойынша ЭТД басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.


Соңғы жаңалықтар