Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат – Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаровқа 45 млн теңге айыппұл жазасы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«12 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған 45 млн теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

2020 жылдың қыркүйек айында Джапаров субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 млн теңге алған», - делінген ресми хабарламада.


Соңғы жаңалықтар