Жамбыл облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша 28 тамыздан бастап карантин шектеу шаралары жеңілдейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тараз қаласының және аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы заңды және жеке тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілеріне жабық нысандарда ойын-сауық, спорттық іс-шаралар қткізуге, форумдар мен конференцияларды, банкеттер мен үйлену тойларын, мерейтойлар мен адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын», - делінген қаулы мәтінінде.

Дегенмен, 28 тамыздан бастап демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларының жұмысына сағат 02.00-ге дейін рұқсат беріледі.

«Жасыл мәртебе» талабы облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», - деп жазылған құжатта.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар