USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

2021 жылғы 20 қараша 22:52
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ербол Жұмабекұлы Жиенқұлов облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО Полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды Менің Nur Otan басшылығында қалуым туралы мәселені қайта қарауымыз мүмкін – Қасым-Жомарт Тоқаев Президент: «Nur Otan»-ды басқару шешімі партияны трансформациялау ниетінен туындады

Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов арнайы келіп таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Ербол Жұмабекұлы 1986 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «ветеринарлық-санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалының аға маманы болып бастаған.

2012-2017 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалында жетекші маман, бас маман болып жұмыс жасаған;

2017-2020 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы;

2020 жылдың шілде айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT