+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2020 жылғы 21 мамыр 16:17
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Жазылбек Ұлан Еркінұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды қаласына жаңа әкім тағайындалды Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Ұлан Жазылбек 1962 жылы туған, білімі жоғары. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын

"инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша және 2009 жылы Д. А. Қонаев атындағы у ниверситетті "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған. 1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ департаментінің директоры, «Қорғас – сервис» ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, 2011-2013 жылдары Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары, 2014 - 2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын дамыту департаментінің директоры лауазымдарында болған.

2017 жылдың қараша айынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT