+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2019 жылғы 10 сәуір 10:11
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Сұлушаш Құрманбекова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа орынбасарды Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыс активімен өткен жиында таныстырды. Өз сөзінде өңір басшысы Сұлушаш Сәтбекқызының білігі мен тәжірибесі мол маман екенін айта келе бұл қызметті асқан жауапкершілікпен орындайтынына сенім білдірді», - деп жазды облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Біржан Сөктай Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, С. Құрманбекова облыстың білім, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, тілдерді дамыту, дін істері салаларына жетекшілік ететін болады.
Сұлушаш Құрманбекова қарапайым мектеп мұғалімінен бастап, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы қызметіне дейін сатылай өскен. Орынбасар қызметіне тағайындалғанға дейін С. Құрманбекова облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Жамбыл облысы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT