Жамбыл облысы әкімдігінде «Ашық әкімдік» фронт-офисі іске қосылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – «Жамбыл–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде облыс әкімінің бірінші орынбасары, «Жамбыл–адалдық алаңы» жобасының кураторы Бекболат Орынбековтың онлайн режимде азаматтарды қабылдауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

​Қабылдауда жоба кураторы тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған жобаның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарына тоқталды.

​«Облыс көлемінде жастардың кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыруға ықпал ететін және балаларды адалдыққа, парасаттылыққа үйрететін 380 адалдық дүкені жұмыс істеуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып жоба аясында жоспарлар құрылғанын, білім басқармасымен бірге жұмыстар атқарылып, мектептегі ақша жинау, ремонт тағы басқа мәселерге бақылау қойылды. «Жамбыл - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі халықпен тығыз қарым қатынаста жұмыс істейді, осы жоба кеңсесінде барлық басқарма басшылары облыс халқымен онлайн түрде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыруда»,- деді Б.Орынбеков өз сөзінде.

​Спикер қазіргі таңда жобаның атқарған қомақты жұмысының бірі ретінде – өңірдегі барлық деңгейдегі басшылардың ашықтығы қамтамасыз етіліп, облыс және Тараз қаласының әкімдігінің бірінші қабатынан «Ашық әкімдік» фронт офисі іске қосылып, қоғамдық қабылдаулар өте бастағанын айтып өтті. Сонымен бірге, жоба қызметкерлері жүргізген мониторинг нәтижесінде бірқатар басшылар шаршы метрі аз бірінші қабаттарға көшкенін, оның ішінде көбі мектеп директорлары екеніне тоқталды.

​«Жоба аясында «Халықтық заңгер» акциясы ұйымдастырылып, акция барысында Жамбыл ауданындағы көшедегі жарық пен газ мәселесі шешілді. Сондай-ақ Байзақ ауданындағы «Оша» алқабының тұрғындары жарықты дұрыс бермейтіндерін айтып шағымданып келді. Жарық қуатының төмендігінен тұрмыстық техникалар күйіп, ауыл халқы шығынға батқан. Акция аясында Көктал ауылдық округі және аудандық әкімдік бюджетінен 1 миллион 200 мың теңге қаралып, трансформатор орнатылатын болды»,-деді жоба кураторы.

​Айта кетейік, қабылдау барысында Тараз қаласына Құмшағал ауылының тұрғыны Орынбасар Тоқбергенов спикерге сауал тастап, ауылдағы су, свет, қоғамдық көлік мәселелерін көтерді. Жоба кураторы тиісті сала мамандарын тарта отырып, мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ететінін білдірді.

​Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауда облыс тұрғындары онлайн түрде қойған сұрақтар бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары, жоба кураторы Б.Орынбеков тиісті сала мамандарының жауаптарын алып, алдағы уақытта жауап береді.

Соңғы жаңалықтар